Жүгіру жолы •
Астана қаласы әкімдігінің "№ 56 "Береке" балабақшасы" МКҚК
Астана қаласы әкімдігі
Жүгіру жолы •
AA+
Астана қаласы әкімдігінің "№ 56 "Береке" балабақшасы" МКҚК

Балабақшамызда «Адал азамат - біртұтас тәрбие» жоспарына сәйкес, ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Көркемсөз шебері» мәнерлеп оқу байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты - балалардың мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, Абай шығармалары арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптеу. 
Бұл байқауға ересек және мектепалды топтарының тәрбиеленушілері қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, Абай өлеңдерін жүрекпен жеткізді.

Жеңімпаздарымызды құттықтаймыз!
I орын - «Қошақан» тобының тәрбиеленушісі Жандосқызы Айсәуле
II орын - «Ақбота» тобының тәрбиеленушісі Әбдікәрім Алихан
III орын - «Айгөлек» тобының тәрбиеленушісі Амиржанова Малика
Қалған барлық қатысушылар «Белсенді қатысқаны үшін» марапатталды.
Барлық бүлдіршіндерге шабыт пен жарқын жетістіктер тілейміз!